Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Елена Рыбакина Дубай турнирін жеңіспен бастады

21.02.2024, 09:39

Келесі айналымда ол Польшадан келген Магдалена Фрешпен кездеседі

Елена Рыбакина Дубай турнирін жеңіспен бастады
WTA

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA 1000 - Dubai Duty Free Tennis Championships турнирін жеңіспен бастады деп хабарлайды 1bol.kz.

Жарысты екінші айналымнан бастаған жерлесіміз әлемнің экс-бірінші ракеткасы Виктория Азаренкомен (Беларусь) кортқа шыққан. Бірінші сетте Рыбакина 4:6 есебімен жеңіліп қалды. Алайда, екінші кезеңде Қазақстан теннисшісі камбэк жасап, қарсыласын 6:2 есебімен ойсырата жеңді. Мұнан кейін Азаренко үшінші сет ойнаудан бас тартып, жеңіс жерлесімізге берілді.

Айта кетейік, қос теннисші осымен өзара үш рет ойнады. Оның үшеуінде де Рыбакина жеңіске жеткен.

Енді 1/8 финалда қазақстандық теннишсі Польшадан келген Магдалена Фрешпен кездеседі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам