Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Заңғар Нұрланұлы Германиядағы турнирдің үшінші айналымына шықты

Бүгін, 13:12

Отандасымыз жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингте 8-орында тұр

Заңғар Нұрланұлы Германиядағы турнирдің үшінші айналымына шықты
KTF

Германияның Оффенбах қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы жоғары санатты ITF Juniors J500 турнирінің екінші кезеңі аяқталды. Қазақстандық теннисшілер келесі сатыға өту үшін өткізген матчтарында әртүрлі нәтиже көрсетті.

Жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингте 8-орында тұрған және бұл доданың бірінші нөмірлі ракеткасы болып тіркелген Заңғар Нұрланұлы екінші айналымнан сенімді өтті. Ол чехиялық Якуб Смежскиді (267 ITF Juniors) 6:2, 6:1 есебімен тас-талқан етті. Кездесу барысында Заңғар толық басымдық танытып, қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады.

Үшінші айналымда отандасымыз литвалық Рокас Нейманиспен (50 ITF Juniors) шеберлік байқасады.

Өкінішке қарай, еліміздің тағы бір өкілі Даниэль Тазабеков (77 ITF Juniors) турнирдегі жорығын аяқтады. 1/32 финал сатысында ол аустриялық Тимо Берманнан (39 ITF Juniors) екі сетте ұтылды – 4:6, 3:6.

Айта кетейік, Оффенбахтағы J500 додасы мамыр айының соңында Парижде басталатын жасөспірімдер арасындағы «Ролан Гаррос» турниріне дайындық кезеңінің ең маңызды сатыларының бірі саналады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам