Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Елена Рыбакина Рим турнирінің ширек финалына шықты

Бүгін, 12:05

Ол Каролина Плишкованы (130 WTA) айқын басымдықпен жеңді

Елена Рыбакина Рим турнирінің ширек финалына шықты
ktf.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Италияның Рим қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турниріндегі кезекті жеңісіне жетті. Жарыстың төртінші айналымында әлемнің екінші ракеткасы чехиялық теннисші, кезінде рейтингте көш бастаған Каролина Плишкованы (130 WTA) айқын басымдықпен жеңді.

Небәрі 57 минутқа созылған кездесуде отандасымыз қарсыласын екі сетте – 6:0, 6:2 есебімен тас-талқан етті. Бірінші партияда Рыбакина қарсыласына бірде-бір гейм бермей басым түсті. Екінші сетте де Елена басымдығын сақтап, алты брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды. Матч барысында қазақстандық теннисші бір эйс жасап, үш рет қос қателік жіберді.

Осы жеңісінің арқасында Рыбакина Плишковамен өткен өзара кездесулеріндегі есепті еселей түсті. Енді екі теннисші арасындағы жеке кездесулер көрсеткіші 4:0 – Еленаның пайдасына.

Рим турнирінің жартылай финалына жолдама алу үшін Елена Рыбакина әлемнің оныншы ракеткасы, украиналық Элина Свитолинамен шеберлік байқасады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам