Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Кирилл Герасименко АҚШ-та ел намысын қорғайды

Бүгін, 09:50

Қазақстан құрамасы атынан бұл жарысқа екі спортшы қатысады

Кирилл Герасименко АҚШ-та ел намысын қорғайды
ҰОК

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында үстел теннисінен беделді United States Smash турнирі өтеді.

Қазақстан құрамасы атынан бұл жарысқа екі спортшы қатысады. Ел намысын Кирилл Герасименко мен Зауреш Ақашева қорғайды.

Турнирге Олимпиада ойындарының, әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Ван Чуцинь (Қытай), Трульс Морегард (Швеция), Томокадзу Харимото (Жапония), Феликс Лебрун (Франция), Уго Кальдерано (Бразилия), Сунь Инша (Қытай), Ван Маньюй (Қытай), Мива Харимото (Жапония), Сабина Винтер (Германия), Хина Хаята (Жапония) және басқа да танымал спортшылар қатысады.

United States Smash турнирі 26 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам