Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Уимблдон-2026: Елена Рыбакина америкалық теннисшіні ойсырата жеңді

Бүгін, 00:41

Үшінші айналымда қазақстандық теннисші бельгиялық Элизе Мертенспен (№27) кездеседі

Уимблдон-2026: Елена Рыбакина америкалық теннисшіні ойсырата жеңді
olympic.kz

Әлемдік рейтингтің екінші сатысында тұрған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына шықты.

1/32 финалда отандасымыз америкалық теннисші Кэти Макнеллимен (№50) кортқа шыққан. Матч небәрі 1 сағат 11 минутқа созылып, Рыбакинаның жеңісімен айқталды, есеп – 6:1, 6:2.

Екі сетте қос теннисші бір-бірден эйс жасаса, Рыбакинада – 3, Макнеллиде 4 даблфол бар.

Үшінші айналымда қазақстандық теннисші бельгиялық Элизе Мертенспен (№27) кездеседі. Ол бүгін Өзбекстан өкілі Мария Тимофееваны жеңді, есеп – 2:6, 6:3, 6:0.

Айта кетейік, «Үлкен дулыға» санатындағы Уимблдон турнирі биыл 29 маусымда басталып, 12 шілдеге дейін жалғасады. Жарыстың жүлде қоры – 30,33 миллион доллар.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам