Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Александр Бублик Уимблдонның төртінші айналымына шықты

Бүгін, 13:29

Ол әлемнің 19-ракеткасы, америкалық Фрэнсис Тиафоны жеңді

Александр Бублик Уимблдонның төртінші айналымына шықты
Getty Images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Уимблдон-2026 турнирінің төртінші айналымына жолдама алды.

Әлемдік ATP рейтингінде 11-орында тұрған қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 19-ракеткасы, америкалық Фрэнсис Тиафомен кортқа шықты.

Тартысқа толы кездесу 4 сағат 8 минутқа созылып, бес сетке ұласты. Оның екеуі тай-брейкке дейін жалғасып, Бублик шешуші сәттерде мықтылығын дәлелдей білді. Қорытынды есеп – 4:6, 7:6 (7:5), 7:6 (13:11), 4:6, 6:3.

Осы жеңістің арқасында Александр Бублик Уимблдондағы ең үздік нәтижесін қайталады. Ол бұған дейін де 2023 жылы турнирдің төртінші айналымына дейін жеткен болатын.

Енді ширек финал жолдамасы үшін Бублик әлемнің жетінші ракеткасы, америкалық Тейлор Фрицпен кездеседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам