Ендә жапониялық Рина Сайгомен кездеседі
Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Испанияда өтіп жатқан World Tennis турнирінде жартылай финалға жолдама алды.
Жарыстың ширек финалында Жиенбаева Ұлыбритания өкілі Алисия Даднимен кездесті. Қазақстандық теннисші алғашқы партияда 7:5 есебімен жеңіске жетті.
Алайда матч әрі қарай жалғасқан жоқ. Дадни жарақатына байланысты кездесуді жалғастыра алмай, жарыстан бас тартты. Осылайша Соня Жиенбаева жартылай финалға өтті.
Финал жолдамасы үшін қазақстандық теннисші жапониялық Рина Сайгомен кездеседі.