Соня Жиенбаева Испаниядағы ITF турнирінің финалына шықты

Енді Болгария өкілі Изабелла Шиниковамен ойнайды

KTF
KTF

Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Испанияның Оуренсе қаласында өтіп жатқан ITF сериясындағы турнирдің финалына жолдама алды.

Әлемдік рейтингте 738-орында тұрған Жиенбаева жартылай финалда жапониялық Рина Сайгомен кездесті. WTA рейтингінде 327-сатыда тұрған қарсыласын қазақстандық теннисші 1 сағат 37 минутқа созылған матчта екі сетте жеңді – 6:1, 7:6 (7:5).

Енді Соня Жиенбаева турнирдің шешуші кездесуінде Болгария өкілі Изабелла Шиниковамен ойнайды. Ол әлемдік рейтингте 442-орында тұр.

Испаниядағы жарыстың жүлде қоры 60 мың АҚШ долларын құрайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам