ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Елена Рыбакина Торонто турнирінің ширек финалына шықты

Отандасымыз ресейлік Людмила Самсонованы жеңді

KTF
KTF

Қазақстанның әйелдер арасындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің 1/8 финалында жеңіске жетті.

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған және турнирде екінші нөмірмен тіркелген қазақстандық теннисші 1/8 финалда WTA рейтингінің 55-сатысындағы ресейлік Людмила Самсоновамен кездесті.

Үш сетке созылған тартысты матч Рыбакинаның 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңісімен аяқталды.

Теннисшілер кортта 2 сағат 55 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Елена 11 эйс жасап, алты қос қателікке жол берді және 17 брейк-пойнттың жетеуін сәтті пайдаланды.

Ширек финалда қазақстандық теннисші канадалық Лейла Фернандес (WTA рейтингінде 34-орын) пен жапониялық Наоми Осака (13 WTA) арасындағы кездесудің жеңімпазымен сынға түседі.

 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам