ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Новак Джоковичтің жағдайы матч кезінде күрт нашарлады

Бүгін, 18:53

Сербиялық спортшы бір сәтте тізерлеп отырып қалды

Новак Джоковичтің жағдайы матч кезінде күрт нашарлады
Emilee Chinn/Getty Images

Сербиялық теннисші Новак Джокович Цинциннати турнирінің екінші айналымында аргентиналық Тьяго Агустин Тирантеге есе жіберіп, жарысты жалғастыра алмады.

Кездесу 2:6, 6:4, 6:4 есебімен Тирантенің пайдасына аяқталды. Матч барысында Джоковичтің жағдайы нашарлап, сербиялық спортшы бір сәтте тізерлеп отырып қалды. Осыдан кейін оған медициналық тайм-аут берілді.

Осылайша Джокович Цинциннатидегі жарысын ерте аяқтады. Ал Тиранте келесі кезеңде 20 жастағы испаниялық Мартин Ландалуспен кездеседі.

Цинциннати турнирі 13-20 тамыз аралығында өтеді. Ерлер арасындағы жекелей сындағы жүлде қоры 9,4 млн долларды құрайды. Турнирдің қазіргі чемпионы — испаниялық Карлос Алькарас.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам