ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Юлия Путинцева US Open-де сенсация жасап, қомақты сыйақыға ие болды

Бүгін, 08:50

Ол әлемнің 12-ракеткасы Белинда Бенчичті жарыс жолынан шығарды

Юлия Путинцева US Open-де сенсация жасап, қомақты сыйақыға ие болды
әлеуметтік желі

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева US Open-2026 турнирінің алғашқы айналымында әлемнің 12-ракеткасы Белинда Бенчичті жарыс жолынан шығарды.

WTA рейтингінде 84-орында тұрған Путинцева швейцариялық қарсыласын үш сетке созылған тартысты кездесуде 4:6, 7:5, 6:3 есебімен жеңді. Матч 2 сағат 51 минутқа созылды.

Қазақстандық спортшы алғашқы сетте есе жіберіп, екінші партияда да қиын жағдайға тап болды. Соған қарамастан ол кездесу барысын өзгертіп, шешуші сетте басымдықты уысынан шығармады. Бұл – Путинцеваның бір жылдан астам уақыт ішіндегі рейтингі ең жоғары қарсыласқа қарсы жеткен ірі жеңісі.

Екінші айналымға шыққаны үшін Юлия Путинцева 190 мың доллар сыйақы мен 70 рейтингтік ұпайға кепілдік алды. Келесі кезеңде ол әлемдік рейтингте 121-орында тұрған Қытай өкілі Чжэн Циньвэньмен кездеседі.

Айта кетейік, Путинцеваның US Open турниріндегі ең үздік нәтижесі – 2020 жылы ширек финалға дейін жетуі.

Биыл әйелдер арасындағы жекелей сында үлестірілетін жүлде қоры 37,84 миллион долларды құрайды. Турнир жеңімпазы 5,5 миллион доллар алып, рейтингіне 2000 ұпай қосады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам