Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 118-орында тұрған теннисшіден жеңілді

Бұл Рыбакинаның АҚШ ашық чемпионатынан кейінгі алғашқы матчы еді

Getty Images
Getty Images

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Бейжіңде өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирді күтпеген жеңіліспен бастады.

Әлемдік рейтингте бірінші орында тұрған Рыбакина екінші айналымда Армения өкілі Алина Чараевамен кездесіп, үш сет қорытындысы бойынша 6:3, 4:6, 3:6 есебімен есе жіберді. Осылайша, қазақстандық теннисші жарысты ерте аяқтады.

Чараева қазіргі таңда WTA рейтингінде 118-орында тұр. Ол үшін бұл әлемдік рейтингтің көшін бастап тұрған теннисшіге қарсы алғашқы жеңіс болды.

Айта кетейік, бұл Рыбакинаның АҚШ ашық чемпионатынан кейінгі алғашқы матчы еді. Қазақстандық теннисші US Open-2026 турнирінде чемпион атанып, мансабында алғаш рет әлемдік рейтингтің көшін бастаған болатын.

Бейжіңдегі WTA 1000 турнирінің жалпы жүлде қоры 9 415 725 долларды құрайды. Чемпион атанған теннисші 1 151 380 доллар сыйақы және 1000 рейтингтік ұпай алады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам