Бейжіңдегі турнирдің қазіргі чемпионы – америкалық Аманда Анисимова
Әлемнің екінші ракеткасы, Беларусь теннисшісі Арина Соболенко Бейжіңде өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы China Open турнирінің үшінші айналымына шыға алмады.
Соболенко екінші айналымда Чехия өкілі Никола Бартуньковамен (WTA рейтингінде №34) кездесіп, 4:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды.
Матч 1 сағат 35 минутқа созылды. Бартунькова төрт эйс жасап, екі рет қосарланған қателік жіберді. Ол сегіз брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Ал Соболенко төрт рет эйс жасап, екі рет қосарланған қателікке жол берді. Беларусь теннисшісі бес брейк-пойнттың бірін де жүзеге асыра алмады.
Бартунькова келесі айналымда Австрия өкілі Синья Крауспен (WTA рейтингінде №95) кездеседі.
Айта кетейік, WTA-1000 санатындағы China Open-2026 турнирі Бейжіңде 30 қыркүйек пен 11 қазан аралығында өтеді. Жарысқа 96 теннисші қатысып жатыр.
Турнирдің жүлде қоры – 9 415 725 доллар. Биыл әйелдер арасындағы жекелей сында жеңімпазға рекордтық 1,15 миллион доллар табыс беріледі.
Бейжіңдегі турнирдің қазіргі чемпионы – америкалық Аманда Анисимова. Ол өткен жылғы финалда Чехия теннисшісі Линда Носковадан 6:0, 2:6, 6:2 есебімен басым түскен.