Турнир жеңімпазы 1 151 380 доллар көлеміндегі жүлдеге ие болады
Шанхайда өтіп жатқан ATP 1000 турнирінің үшінші айналымында қазақстандық теннисші Александр Бублик (№22) америкалық Брендон Накасиманы (№18) жеңді.
Тай-брейкке дейін созылған бірінші сетте Бублик 6:7 (7:9) есебімен жеңілсе, қалған екі сетте 6:3, 7:6 (7:5) есебін тіркеп, камбэк жасады.
Маты 2 сағат 28 минутқа созылды. Накасима үшін жарыс аяқталса, қазақстандық теннисші турнирдің 1/8 финалына жолдама алды.
Айта кетейік, турнир жеңімпазы рейтингтік 1000 ұпаймен қатар, 1 151 380 доллар көлеміндегі жүлдеге ие болады.