Бұл шешім Астанада өтетін 2027 жылғы үстел теннисінен әлем чемпионатына дайындық аясында қабылданған
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Қазақстанның Үстел теннисі федерациясының президенті болып сайланды. Тиісті шешім федерацияның кезектен тыс конференциясында қабылданды.
Федерацияның баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл шешім Астанада өтетін 2027 жылғы үстел теннисінен әлем чемпионатына дайындық аясында қабылданған.
Жеңіс Қасымбек федерация басшысы ретінде елде үстел теннисін жүйелі дамытуға және спортшылардың сапалы дайындығына қажетті жағдай жасауға басымдық береді.
Айта кетейік, биыл қыркүйекте Астанада үстел теннисінен WTT Star Contender Astana 2026 – President’s Cup халықаралық турнирі өтті. Ал 2027 жылы елордада ITTF World Table Tennis Championships Finals әлем чемпионаты ұйымдастырылады.