Путинцева Токиода жеңіске жетіп, Рыбакинаға қарсылас атанды

Алғашқы айналымда ол әлемнің 30-ракеткасы, Грекия өкілі Мария Саккаримен кездесті

әлеуметтік желі
әлеуметтік желі

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Токиода (Жапония) өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің екінші айналымына шықты.

Әлемдік рейтингте 67-орында тұрған қазақстандық теннисші жарыстың негізгі кезеңіне іріктеу арқылы жолдама алған. Алғашқы айналымда ол әлемнің 30-ракеткасы, Грекия өкілі Мария Саккаримен кездесті.

2 сағат 28 минутқа созылған тартысты матчта Путинцева 6:4, 3:6, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Қазақстандық спортшы екі эйс жасап, қос қателікке жол бермеді. Сондай-ақ 16 брейк-пойнттың жетеуін сәтті пайдаланды.

Енді Юлия Путинцева турнирдің екінші айналымында отандасы, әлемдік рейтинг көшбасшысы Елена Рыбакинамен кездеседі. Жарыстың бірінші ракеткасы ретінде Рыбакина алғашқы айналымнан босатылған болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам