Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

«Жүлде қоры $9 млн»: Елена Рыбакина тарихи рекордты қайталауы мүмкін

08.03.2024, 10:38

Бұл рекорд Мартина Навратиловаға тиесілі

«Жүлде қоры $9 млн»: Елена Рыбакина тарихи рекордты қайталауы мүмкін
USA Today Sports

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 30 жыл бұрынғы рекордты қайталауы мүмкін. Жерлесіміз Индиан-Уэллстегі WTA 1000 турниріне қатысып жатыр.

Айта кетейік, былтыр Рыбакина дәл осы турнирде жеңімпаз атанған болатын. Биыл ол осы жетістігін қайталау үшін соңғы жарысты бел ортасынан үзіп, тыңғылықты дайындалуға кірісті.

«Мартина Навратилова – Индиан-Уэллсті екі жыл қатарынан, 1990 және 1991 жылдары, жеңіп алған жалғыз теннисші. Елена Рыбакина осы жетістікті қайталай ала ма әлде бізде жаңа чемпион бола ма?», - деп жазылған X әлеуметтік желісіндегі FirstSportz Tennis парақшасында.

Индиан-Уэллс турнирі 15 наурызға дейін жалғасады. Әйелдер теннисінің жүлде қоры 9,2 миллион долларды құрайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам