Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Юлия Путинцева Индиан-Уэллс турнирін жеңіспен бастады

07.03.2024, 11:12

Аталған жарысқа Елена Рыбакина да қатысып жатыр

Юлия Путинцева Индиан-Уэллс турнирін жеңіспен бастады
WTA

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева АҚШ-та басталған Индиан-Уэллс турнирін жеңіспен бастады деп жазады Championat.com.

Жарыстың бірінші айналымында қазақстандық теннисші Германия өкілі Тамара Корпачпен кездесіп, 6:2, 6:3 есебімен жеңді.

Матч 1 сағат 15 минутқа созылды. Екі сетте Путинцева бір рет эйс жасап, мүмкін болған 8 брейк-пойнттың бесеуін жүзеге асырды.

Екінші айналымда жерлесіміз ресейлік Екатерина Александровамен кортқа шығады. Жарыстың өзі 17 наурызда мәреге жетеді. Жүлде қоры – 8,9 млн доллар.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам