Ол Соболенконы 6:0 есебімен ұтты
Ресейлік теннисші Мирра Андреева WTA қорытынды турнирінің екінші кездесуінде әлемнің екінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенконы жеңді.
Әлемдік рейтингте үшінші орында тұрған Андреева қарсыласын 1 сағат 3 минутқа созылған матчта 6:4, 6:0 есебімен ұтты.
Осылайша, ресейлік теннисші турнирде қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізіп, мерзімінен бұрын жартылай финалға жолдама алды. Бұған дейін ол украиналық Элина Свитолинаны да дәл осындай есеппен – 6:4, 6:0 ұтқан еді. Ал Соболенко алғашқы кездесуінде чехиялық Каролина Мухованы 7:6, 7:5 есебімен жеңген.
Еске салайық, WTA қорытынды турниріне маусым нәтижесі бойынша үздік сегіз теннисші қатысады. Жарыстың қазіргі чемпионы, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина турнирден бас тартқан болатын. Оның орнына әлемдік рейтингте оныншы орында тұрған украиналық Марта Костюк қатысып жатыр.