Турнир жеңімпаздары 6000 АҚШ доллары көлеміндегі жүлдені өзара бөліседі
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева мен словениялық Вероника Эрьявец Колумбияның Сопо қаласында өткен WTA 125 санатындағы турнирдің жұптық сынында топ жарды.
Финалдық кездесуде олар чехиялық Лора Самсон мен словениялық Тамара Зиданшекке қарсы кортқа шықты. Тартысты өткен матчта Құламбаева мен Эрьявец 5:7, 6:2, 14:12 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 40 минутқа созылды.
Қазақстандық-словениялық жұп финалға дейін австралиялық Теника Макгиффин мен Александра Осборнды 6:2, 6:2 есебімен жеңсе, жартылай финалға жолдама үшін екінші ракеткалар атанған америкалық Рашида Макаду мен Анна Роджерсті 6:1, 7:5 есебімен жарыстан шығарды.
Турнир жеңімпаздары 6000 АҚШ доллары көлеміндегі жүлдені өзара бөлісіп, әрқайсысы рейтингтік есепке 125 ұпайдан қосты.