Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

Рыбакина тағы ауырып қалды: ол Индиан-Уэллс турниріне қатыспайды

09.03.2024, 13:52

Жарыстың жүлде қоры 9,2 млн доллар

Рыбакина тағы ауырып қалды: ол Индиан-Уэллс турниріне қатыспайды
WTA

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA 1000 Индиан-Уэллс турниріне қатыспайтын болды.

WTA баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 жастағы теннисші асқазан-ішек жолдарының ауырғанын айтып, жарыстан бас тартқан. Өткен айда да Дубайдағы жарыста Рыбакина дәл осындай сырқатпен жарысты жалғастыра алмай қалған еді.

Айта кетейік, қазақстандық теннисші Индиан-Уэллс турнирін екінші айналымнан бастауы керек еді. Оның қарсыласы аргентиналық Надя Подорошка болған. Енді Рыбакинаның орнына Кайла Дэй (АҚШ) шығады.

Былтыр дәл осы турнирде Елена Рыбакина чемпион атанған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 3
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам