Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Юлия Путинцева АҚШ-та тағы сенсация жасады (ВИДЕО)

11.03.2024, 10:48

Ол енді әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекпен ойнайды

Юлия Путинцева АҚШ-та тағы сенсация жасады (ВИДЕО)
WTA

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева АҚШ-та өтіп жатқан WTA 1000 Индиан-Уэллс турнирінде америкалық Мэдисон Кизді жеңіп, 1/8 финалға жолдама алды.

Айта кетейік, Путинцева әлемдік рейтингте 79-орында болса, Киз 20-орында.

Матч 1 сағат 23 минутқа созылды. Екеуі де эйс жасаған жоқ. Путинцева көбірек қателікке жол бергенімен, ойын қорытындысында 6:4, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Бұған дейін жерлесіміз әлемнің 16-ракеткасы Екатерина Александрованы жеңген болатын. Ал,  ширек финалға шығу үшін ол әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекпен кортқа шығады.

Айта кетейік, аталған жарысқа қатыспақ болған Елена Рыбакина асқазанының ауыруына байланысты бірінші матчқа шыққан жоқ.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам