Жібек Құламбаева Чилидегі WTA 125 турнирінің финалына шықты

Финалдық кездесу 21 қараша күні Қазақстан уақытымен шамамен сағат 22:30-да басталады

ҚТФ
ҚТФ

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Чилидің Колина қаласында өтіп жатқан WTA 125 санатындағы турнирдің финалына жолдама алды. Жұптық сында отандасымыз словениялық Вероника Эрьявецпен бірге өнер көрсетуде.

Жартылай финалда екінші нөмірмен тіркелген қазақстандық-словениялық жұп австралиялық Теника Макгриффин мен Александра Осборнға қарсы кортқа шықты.

Тартысты өткен кездесу Құламбаева мен Эрьявецтің пайдасына 7:6 (8:6), 3:6, 10:4 есебімен аяқталды. Бірінші партияда тай-брейкте басым түскен қазақстандық-словениялық жұп екінші сетте қарсыластарына есе жіберді. Алайда шешуші супер тай-брейкте сенімді ойын көрсетіп, финалға жолдама алды.

Енді Жібек Құламбаева мен Вероника Эрьявец чемпиондық атақ үшін турнирдің бірінші нөмірлі жұбы — украиналық Валерия Страхова мен ресейлік Анастасия Тихоноваға қарсы ойнайды. Финалдық кездесу 21 қараша күні Қазақстан уақытымен шамамен сағат 22:30-да басталады.

Айта кетейік, Жібек Құламбаева мен Вероника Эрьявец бұған дейін де жұптық сында табысты өнер көрсеткен. 2025 жылы олар Қытайдың Хучжоу қаласында өткен WTA 125 турнирінде жеңімпаз атанса, 2026 жылдың қараша айында Колумбияның Сопо қаласындағы дәл осы санаттағы жарыста чемпиондық атақты жеңіп алды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам