Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

Юлия Путинцева сөмкесін ұрлатып, Мадридтен бір апта кете алмай отырған

11.03.2024, 23:22

Соған қарамастан ол АҚШ-тағы жарысқа қатысып, әлемнің мықты екі теннисшісін жеңді

Юлия Путинцева сөмкесін ұрлатып, Мадридтен бір апта кете алмай отырған
GoTennis.ru

Қазақстанның екінші ракеткасы саналатын Юлия Путинцева ұрылардың құрбанына айналған. Индиан-Уэллс турниріне барар жолда Испаниядағы әуежайда ол қол сөмкесінен айрылып, бір апта уақытын жоғалтып алған деп жазады Championat.com.

Қазақстандық спортшы Дубайдан Майамиге Мадрид арқылы ұшыпты.

«Мен Индиан-Уэллс турниріне баратынымды білмедім. Себебі, менде өте шытырман оқиғаны бастан кештім. Дубайдан Майамиге бет алғанымда Мадрид арқылы келесі ұшаққа ауысуым керек болды. Ұшаққа ауысу арасында 10-11 сағат бойы күтуге тура келгендіктен қонақ үйдің бірінде ұйықтап алуға бекіндім. Келесі күні ұшатын болдым. Өкінішке қарай, қонақүйге жайғасу кезінде менің жолсөмкемді әлдекімдер ұрлап кетті. Оның ішінде АҚШ-қа арналған виза да қолды болды және AirTag та соның ішінде кетті. Бұл мен үшін шок жағдай еді. Бірден полицияға телефон соқтым. Олар босла бірден кете алмайтынымды, әуелі хаттама толтыру қажеттігін айтты. Полиция бөліміне барып, сөмкенің ұрланғанын, қай уақытта болғанын айтып, "кеттік" десем, олар: "біз бара алмаймыз, ол біздің аумақ емес" дейді. Олармен ұрысып, дауласып, "мені тек алып жүріңіздер, олармен өзім мәселені шешемін десем, күледі. Сол сәтте өте шарасыз күйде болдым, әрі Майамиге тезірек кеткім келді. Анам телефон арқылы хабарласып, "Юля, өтінемін, ешқайда барма" деумен болды. Әкем де солай деді. Амалсыз келістім. Кейін басқа полицейлермен кездескен соң олар пәтер болғандықтан, онда кіруге құқықтары жоқ екенін айтумен болды. Осылайша Мадридте отырдым. Не істеу керектігін еш түсінбедім», - дейді теннисші.

Юлияға проблеманы шешуге агенті көмектескен.

«Құдай көмектесіп, менің виза бойынша агентім септігін тигізді. Ол маған жедел түрде АҚШ-қа кіруге көмектесетін шақырту жіберді. Барлығы өте ауыр әрі қымбат болды. Дегенмен, осының бәрін ұйымдастырғаны үшін оған рахмет. Мен жұма күні келдім де бірден кортқа шықтым. Апта бойы жаттыққан жоқпын, тек Мадридте болдым. Маған қолдау көрсету үшін бапкерім ұшып келді. Біз бірге AirTag-ты іздеуге шықтық. Ол бір мектептің ауласын көрсетіп тұрды. Қысқасы, біз құжатты таба алмадық. Тек AirTag табылды», - деді теннисші YouTube-арнадағы «Больше!» жобасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Юлия Путинцева Индиан-Уэллс турнирінің бірінші айналымында ресейлік Екатерина Александрованы жеңсе, екінші айналымда америкалық Мэлисон Кизден басым түсті. Енді 12 наурызда жерлесіміз әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекпен кортқа шығады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам