ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Жуырда ғана жігіті қайтыс болған Арина Соболенко Майами турнирінде эмоцияға ерік берді

Оның қарсыласы енді қазақстандық теннисшімен кездеседі

Getty Images
Getty Images

Майамиде (АҚШ) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінде әлемнің екінші ракеткасы – беларустік Арина Соболенко украиналық теннисші Ангелина Калининадан (№36) жеңіліп қалды.

1/16 финалдық кездесу үш сетке созылып, 6:4 1:6 6:1 есебімен Калинина басым түсті. Мұнан кейін Соболенко эиоцияға ерік беріп, қолындағы ракеткасын бірнеше рет жерге ұрып сындырды.

Айта кету керек, 19 наурызда беларустік теннисші қыздың сүйіктісі – хоккей бапкері Константин Кольцов қайтыс болды. БАҚ-та оның суицид жасағаны жазылған.

Ал, Ангелина Калилина болса 1/8 финалда қазақстандық теннисші Юлия Путинцевамен (№68) кортқа шығады.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина болса америкалық Мэдисон Кибзбен өзара мықтыны анықтайды. Екі мачт та 25 наурызға жоспарланған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам