Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Елена Рыбакина аса ауыр бәсекеде Виктория Азаренконы жеңді

29.03.2024, 02:44

Жарыстың жүлде қоры 8,9 млн АҚШ долларын құрайды

Елена Рыбакина аса ауыр бәсекеде Виктория Азаренконы жеңді
WTA

Майамиде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалында қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Беларусь өкілі Виктория Азаренконы жеңіп, ақтық сынға жолдама алды.

Үш сетке созылған матч Рыбакина үшін ауыр өтті. Бірінші сетте ол аса қиындықсыз жеңіске жеткенімен, екінші кезеңде 0:6 есебімен таза жеңілді. Ал, шешуші үшінші сеттің және жалпы матчтың тағдыры тай-брейкте шешілді, Қазақстан теннисшісінің пайдасына. Қорытынды есеп – 6:4, 0:6, 7:6 (7:2).

Осылайша, Рыбакина аталған турнирдің финалына екінші жыл қатарынан шығып отыр. Былтыр ол чех теннисшісі Петра Квитовадан жеңілген болатын. Бұл жолы жерлесіміз Екатерина Александрова (Ресей) – Даниэль Коллинз (АҚШ) жұбының жеңімпазымен кортқа шығады.

Айта кетейік, турнирдің жүлде қоры (қыздар теннисі бойынша) – 8,9 миллион долларды құрайды және жеңімпазға рейтингтік 1000 ұпай беріледі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам