Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Қазақстандық теннисші ресейлік Олимпиада чемпионына үйлену туралы ұсыныс жасады

04.04.2024, 10:16

Олардың ортақ баласы бар

Қазақстандық теннисші ресейлік Олимпиада чемпионына үйлену туралы ұсыныс жасады
adelina_sotnikova14/Instagram

Мәнерлеп сырғанаудан 2014 жылғы Олимпиада чемпионы, Ресейдің төрт дүркін жеңімпазы Аделина Сотникова қазақстандық теннисші Дмитрий Попкоға тұрмысқа шығатынын мәлімдеді.

«Мен «иә» дедім», - деп жазды Сотникова әлеуметтік желідегі парақшасында.

Аделина мен Дмитрий ұзақ уақыт бойы қарым-қатынасы туралы жасырып келді. 2022 жылғы қарашада спортшылар жұбы алғаш рет ата-ана атанып, ұлына Адриан деген есім берген. Сонан соң мәнерлеп сырғанаушы сүйіктісінің кім екенін ашық айтты.

Попко Санкт-Петербургте туғанымен, әлемдік аренада Қазақстан атынан өнер көрсетеді.

Ал Сотникованың Олимпиада чемпионы атағынан бөлек 2013 және 2014 жылдары Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері деген атағы бар.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам