Курбан Бердыев Ермұхамед Мәуленді не үшін кешірді? ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым

«Билли Джин Кинг»: Қазақстан теннисшілері Жапониядан ойсырай жеңілді

13.04.2024, 12:58

Отандық теннисші қыздар үш кездесудің бәрінде жеңілді

«Билли Джин Кинг»: Қазақстан теннисшілері Жапониядан ойсырай жеңілді
Kenta Harada/Getty Images

Токиода өтіп жатқан «Билли Джин Кинг» кубогінің екінші күнінде Қазақстанның теннисші қыздары жарысты жалғастыру мүмкіндігінен толықтай айрылды. Алғашқы күні екі ойында да жеңіліс тапқан біздің команда, бүгін шешуші үшінші матчта да ұтылды.

Бүгінгі жарыс күнін Юлия Путинцева (әлемдік рейтингте 50-орын) мен жапон қызы Нао Хибино (79-орын) бастаған. Үш сетке созылған кездесуде алаң иесі 4:6, 6:3, 6:7 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша бес кездесудің үшеуінде жеңілген қазақстандық команда жарысты уақытынан бұрын аяқтады.

Бүгін кортқа Анна Данилина шығады. Оның қарсыласы – Наоми Осака. Сондай-ақ, Данилина/Құламбаева жұбы Аояма/Шибахара жұбымен кездеседі. Дегенмен, бұл ойындардың нәтижесі қорытынды есепке әсер етпейді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам