Спорттағы "сақалбайлар" өте қауіпті! Жаңа шығарылым!

Елена Рыбакина Мексикадағы қорытынды турнирде әлемнің тоғызыншы ракеткасын жеңді

01.11.2023, 09:56

Бірінші кездесуін жерлесіміз ұтылып қалған

Елена Рыбакина Мексикадағы қорытынды турнирде әлемнің тоғызыншы ракеткасын жеңді
Tengri Sport

Мексиканың Канкун қаласында ең үздік сегіз теннисші жылды қорытындылау жарысында бақ сынап жатыр. Олардың қатарында қазақстандық Елена Рыбакина да бар. Жерлесіміз екінші айналымда грек Марио Саккариді жеңді.

Матч үш сетке созылды. Бірінші сетте Рыбакина қарсыласына бірде-бір гейм бермей, 6:0 есебімен жеңсе, екінші сетте грек қызының мерейі үстем болды – 6:7 (4:7). Ал, шешуші сет 7:6 (7:2) есебімен Қазақстан теннисшісінің пайдасына аяқталды. Кездесу 2 сағат 26 минутқа созылды.

Айта кетейік, Елена Рыбакина аталған турнирге алғаш рет қатысып отыр. Турнирдегі бірінші кездесуін ол америкалық теннисші Джессика Пегуладан жеңіліп қалған. Үшінші айналымда ол әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкомен кортқа шығады. Осы кездесудің жеңімпазы жартылай финалдың жолдамасын иеленеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам