Жаңа шығарылым! Өз қақпасына гол соғып, оңбай қателескен футболшылар

Қазақстан теннисшісі келісілген ойындар үшін спорттан біржола шеттетіліп, айыппұл арқалады

03.11.2023, 08:36

Ол тіпті бапкерлікпен де айналыса алмайды

Қазақстан теннисшісі келісілген ойындар үшін спорттан біржола шеттетіліп, айыппұл арқалады
olympic.kz

Қазақстандық теннисші Тимур Хабибулин алдын ала нәтижесіне келісілген матчтар өткізгені үшін өмір бойына аталған спорт түрімен кәсіби түрде айналысу құқығынан айырылды. Сонымен қатар, ол 60 000 доллар айыппұл арқалап отыр.

2016 жылдың мамыр айында Тимур Хабибулин ATP рейтингінде 753-ші орынға тұрақтаған. Ал 2018 жылдың қазан айында жұптық ойыншылар арасындағы рейтингте 154 ұпайға ие болған еді.

Биыл көктемде айыпталған теннисші бастапқыда ақталуға барын салып, өзінің кінәсіз екенін дәлелдеуге барын тырысқан еді. Ал шілде айының соңында Т.Хабибулин кәсіби спортшы ретінде теннистен шеттетілген күннің өзінде бапкерлікпен айналысуға рұқсат сұраған. 

Алайда, агенттіктің соңғы мәліметтеріне бойынша оған тағылған айыптардың барлығы толық дәлелден. Соның негізінде оған жарыстарға спортшы немесе бапкер ретінде қатысуға өмір бойына тыйым салынып отыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам