Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Елена Рыбакина Германиядағы турнирді жеңіспен бастады

18.04.2024, 18:44

Штутгарттағы турнир топырақ жабындысында және жабық ғимарат ішінде өтіп жатыр

Елена Рыбакина Германиядағы турнирді жеңіспен бастады
WTA

Әлемнің төртінші ракеткасы саналатын қазақстандық Елена Рыбакина штутгарт қаласында басталған теннис турнирінің бірінші айналымында жеңіске жетті.

Жарысты 1/8 финалдан бастаған жерлесіміз ресейлік Вероника Кудурметовамен (19-ракетка) кортқа шыққан. Үш сетке созылған матч 7:6, 1:6, 6:4 есебімен аяқталды. Екінші сетте жерлесіміз бірнеше рет қателікке бой алдырғанымен, үшінші сетте жағдайды түзей алды.

Айта кетейік, қос теннисші өзара төрт рет ойнаған және төртеуінде де Рыбакина жеңіске жеткен.

Екінші айналымда ол Онс Жабер (Тунис) — Ясмин Паолини (Италия) жұбының жеңімпазымен кортқа шығады.

Айта кетейік, Штутгарттағы турнир топырақ жабындысында және жабық ғимарат ішінде өтіп жатыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам