Елена Рыбакина Штутгарт турнирінің чемпионы атанды

Ол енді су жаңа Porsche Taycan Turbo S Sport Turismo автокөлігінің иесі

WTA
WTA

Германияның Штутгарт қаласында мәресіне жеткен WTA 500 турнирінде қазақстандық теннисші Елена Рыбакина чемпион атанды.

Финалдық кездесуде жерлесіміз украиналық Марта Костюкпен кездесіп, екі сетте 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Еске салайық, жарыс жеңімпазына Porsche Taycan Turbo S Sport Turismo автокөлігі мен рейтингтік 500 ұпай беріледі. Рыбакина бұған дейін берген сұхбатында жеке автокөлігі түгілі жүргізуші кууәлігі де жоқ екенін айтқан болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам