Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

«Жүргізуші куәлігін алғым келеді»: Елена Рыбакинаның әлі күнге дейін өз автокөлігі жоқ

21.04.2024, 15:16

Бүгінгі матчта жеңіске жетсе оған су жаңа Porsche автокөлігі сыйға беріледі

«Жүргізуші куәлігін алғым келеді»: Елена Рыбакинаның әлі күнге дейін өз автокөлігі жоқ
WTA

Бүгін теннистен әлемнің төртінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Штутгарттағы WTA-500 турнирінің финалында ойнайды. Шешуші матчтың алдында отандасымыз журналистердің сауалына жауап берді.

Айта кетейік, жеңімпазға Porsche автокөлігі сыйға беріледі.

- Бұл турнирге келген теннисшілер үшін бірінші кезекте Porsche көлігін жеңіп алу маңызды. Тіпті, кейбіріне титулдан гөрі осы көлік маңызды. Сізде Porsche көлігі бар деп жатқандарды естідім. Жалпы, «гаражыңызда» қандай көлік тұр? Сонымен қатар, сіз көлікті жақсы жүргізесіз бе?

- Шыны керек, менде жүргізуші куәлігі де жоқ. Бірақ алуды қатты қалаймын. Бір-екі рет инструктормен үйреніп көрдім. Қалай жүргізу керегін негізі білемін. Әлі жүргізуші куәлігін алмағандықтан, көлігім де жоқ. 

- Егер Штутгартта Porsche көлігін жеңіп алсаңыз жүргізуші куәлігіне тезірек қол жеткізуге деген стимулды арттыра ма?

- Иә, әрине. Биыл жүргізуші куәлігін қатты алғым келеді. Егер көлік бұйырса, бұл қосымша мотивация болары анық.

Айта кетейік, Штутгарттағы WTA 500 - Porsche Tennis Grand Prix турнирінің жүлде қоры 922,5 мың долларды құрайды. Жеңімпаз ірі көлемде қаржылай жүлдемен бірге 500 рейтингтік ұпай қосып алады. 

Елена Рыбакина финалда украиналық Марта Костюкпен кездеседі. Бұған дейін қос теннисші өзара үш рет кездесіп, екеуінде Костюк жеңіске жеткен.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам