Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Елена Рыбакина Мексикадағы турнирге қатысқаны үшін $400 000 жуық сыйақы алады

04.11.2023, 14:19

Жерлесіміз жарыстың жартылай финалына шыға алмады

Елена Рыбакина Мексикадағы турнирге қатысқаны үшін $400 000 жуық сыйақы алады
Vesti.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Мексиканың Канкун қаласында өткен жылдың қорытынды турнирінде топтық кезеңнен шыға алмағанын бұған дейін жазған болатынбыз. Әлемнің ең үздік 8 теннисшісі қызы жиналған жарыста жерлесіміз үш кездесудің екеуінде жеңіліп, біреуінде жеңді.

Осы жарысқа тек қатысқаны үшін ғана Елена Рыбакина 198 мың доллар сыйақы алады. Сондай-ақ, үш кездесудің біреуінде жеткен жеңісі үшін оған тағы 198 мың доллар беріледі. Яғни, Канкун турнирінен ол барлығы 396 мың доллар пайда тауып отыр.

Айта кетейік, Рыбакина бірінші кездесуде америкалық Джессика Пегуладан жеңілсе, екіншіде грек Мария Саккариді ұтты. Шешуші үшінші матчта ол әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкодан 6:2, 3:6, 6:3 есебімен жеңіліп қалды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам