Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Қазақ теннисшісі АҚШ-та өткен турнирдің жеңімпазы болды

06.11.2023, 10:26

Ол рейтингте бірден 52 сатыға жоғарылады

Қазақ теннисшісі АҚШ-та өткен турнирдің жеңімпазы болды
Фото ашық дереккөзден

Қазақстан теннисшісі Бейбіт Жұқаев АҚШ-тың Шарлотсвилл қаласында өткен «Челленджер» турнирінде жеңімпаз болды деп хабарлайды 1bol.kz.

Жарыстың финалында жерлесіміз америкалық Эйдан Майоны 6:3, 6:4 есебімен жеңді. Теннисшілер кортта 1 сағат 15 минут уақыт өткізген.

Осылайша Жұқаев өз карьерасындағы алғашқы «Челленджер» титулын иеленді.

Айта кетейік, Шарлотсвилл турнирінің жүлде қоры 80 мың долларды құрайды. Жарыс жеңімпазы 10 840 доллар және рейтингте 75 ұпай иеленеді.

Енді ATP-дің жаңартылған рейтингінде Бейбіт Жұқаев 195-орынға көтерілді. Ол бұған дейін 247-сатыда болған.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам