Турнирдің жүлде қоры 8,7 млн долларды құрайды
Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Мадридтегі (Испания) WTA 1000 - Mutua Madrid Open турнирінің төртінші айналымына өтті.
Отандасымыз әлемдік рейтингте 72-орында тұрған мысырлық Майар Шерифпен кездесті. Рыбакина қарсыласын 1,5 сағаттың ішінде 6:1, 6:4 есебімен оңай жеңді.
Енді ширек финалға шығу үшін рейтингте 136-орында тұрған чехиялық, 18 жастағы Сара Бейлекпен кездеседі. Ол үшінші айналымда әлемнің 70-ракеткасы, америкалық Эшлин Крюгерден басым түсті - 6:3, 6:1.
Бүгін кортқа сонымен қатар, таеы бір қазақстандық Юлия Путинцева (№50) шықты. Ол америкалық Каролин Долхайдты (№56) 6:2, 6:2 есебімен оңай жеңіп, келесі айналымға шықты. 1/8 финалда жерлесіміз Павлюченкова – Касаткина жұбының қай жеңгенімен кортқа шығады.
Айта кетейік, турнирдің жүлде қоры – 8,770,480 доллар. Жеңімпаз теннисшіге сондай-ақ, рейтингтік 1000 ұпай беріледі.