Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Мадридтегі турнирдің ширек финалында Рыбакина мен Путинцева бір-біріне қарсы ойнайды

30.04.2024, 00:26

Бұған дейін олар өзара екі рет кездесіп, екеуінде де Путинцева жеңген

Мадридтегі турнирдің ширек финалында Рыбакина мен Путинцева бір-біріне қарсы ойнайды
Bestnews.kz

Испания астанасында өтіп жатқан WTA 1000 - Mutua Madrid Open турнирінің ширек финалында қазақстандық қос теннисші өзара кездесетін болды. Бүгінгі 1/8 финалдық ойындарда Елена Рыбакина да (№4), Юлия Путинцева да (№50) қарсыластарын жеңіп, келесі айналымға шығып отыр.

Кортқа алдымен Рыбакина шыққан. Ол чех теннисшісі Сара Бэйлекті (№136) оңай жеңді, есеп – 6:1, 6:3. Матч 1 сағат 16 минутқа созылды.

Ал, Путинцева болса ресейлік Дарья Касаткинамен (№11) өзара мықтыны анықтаған еді. Алғашқы сет Касаткинаның жеңісімен аяқталды (6:3). Ол 0:3 есебімен жеңіліп тұрып, қатарынан алты геймді өз пайдасына шешті Қалған екі сетте Юлия Путинцева ойынды өз қолына алып, 6:2, 6:2 есебімен қорытынды нәтижені шығарды.

Бұл матч 1 сағат 53 минутқа созылды.

Ертең кортқа Рыбакина мен Путинцева шығып, жартылай финалдың жолдамасын сарапқа салады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам