Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Қазақстанның екінші ракеткасы Бейбіт Жұқаев АҚШ-тағы турнирді жеңіспен бастады

08.11.2023, 17:40

Бұған дейін Жұқаев Шарлотсвилл турнирінде жеңіске жетіп, өзінің әлемдік рейтингтегі орнын жаңартқан

Қазақстанның екінші ракеткасы Бейбіт Жұқаев АҚШ-тағы турнирді жеңіспен бастады
Фото ашық дереккөзден

Әлемдік рейтингте 195-ші орынға тұрақтаған еліміздің 2-ші ракеткасы Бейбіт Жұқаев Ноксвилл (АҚШ) турнирінің екінші кезеңіне өтті. Отандасымыз халықаралық жарыстың іріктеу кезеңінде Франция теннисшісі Титуан Дрогені (165) ұтты.

Ноксвилл челленджерінің 6-шы ракеткасы саналатын спортшыдан Бейбіт Жұқаев  2:0 (6:4, 6:1) есебімен басым түсті.

Аталған турнирдің 1/8 финалында қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 497-орында тұрған америкалық Нишеш Басавареддимен шеберлік байқасады.

Бұған дейін Жұқаев Шарлотсвилл турнирінде жеңіске жетіп, өзінің әлемдік рейтингтегі орнын жаңартқан еді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам