Ол бұған дейін бельгиялық Миннен мен нидерландтық Русты жеңген болатын
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина «Үлкен дулыға» санатындағы «Ролан Гаррос» турниріндегі үшінші кездесуін жеңіспен аяқтады. Осылайша ол жарыстың төртінші айналымына жолдама алып отыр.
1/16 финалда қазақстандық теннисші әлемнің экс-бірінші ракеткасы – румыниялық Элизе Мертенспен кортқа шыққан. Кездесу 1 сағат 8 минутқа жалғасып, екі сеттегі нәтижесі 6:4, 6:2 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына шешілді.
Енді Рыбакина келесі кездесуінде Элина Свитолина (#19) мен Ана Богдан (#64) жұбының жеңімпазымен сынға түседі.