Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Юлия Путинцева Бермингемдегі турнирдің ширек финалына шықты

21.06.2024, 09:19

Екінші сетте украиналық теннисші бірде-бір геймді жеңе алған жоқ

Юлия Путинцева Бермингемдегі турнирдің ширек финалына шықты
Jimmie48 Photography, WTA

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Англияда өтіп жатқан Rothesay Classic WTA 250 турнирінің 1/8 финалында украиналық Ангелина Калининадан басым түсті.

Небәрі 57 минутқа созылған кездесу барысында Путинцева төрт эйс пен төрт рет брейк-пойнт тіркеп, қарсыласын ойсырата жеңді, есеп – 6:3, 6:0. Ал Калинина бес дабл-фол жасап, бірде-бір эйс жүзеге асыра алмаған. Сондай-ақ, украиналық теннисші бірде бір брейк-пойнт тіркей алмады.

Енді отандық спортшы сайыстың ширек финалында америкалық Кэролайн Долхайдпен кортқа шығады. Ол кеше бельгиялық Элизе Мертенсті жеңген болатын.

Осыған дейін жекелей сында турнирді  сәтті жалғастырып келе жатқан Путинцева француз спортшысы Клара Бюрелді (43) 6:3, 6:4 есебімен ұтқан еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам