Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

Елена Рыбакина Германиядағы турнирді жалғастырудан бас тартты

21.06.2024, 15:47

Биыл ол дәл осындай себеппен бірнеше жарысты соңына жеткізбей кетіп қалған болатын

Елена Рыбакина Германиядағы турнирді жалғастырудан бас тартты
Getty Images

Әлемдік рейтингте 4-ші орында тұрған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Берлин турнирінің ширек финалында ойынды тоқтатуға мәжбүр болды.

WTA 500 турнирінде 3-ракетка ретінде тіркелген теннисші Беларусь өкілі Виктория Азаренкомен сынға түскен болатын.

Алғашқы сетте нәтиже 1:1 болған сәтте 19-орында тұрған Азаренко брейк жасады. Ал есеп 1:3-ке жеткенде отандасымыз медициналық көмекке жүгінді. Артынша ол матчты жалғастырудан бас тартып, жарыс жолынан шығып қалды.

Ол көгал маусымындағы турнирдің 1/8 финалда 35-орында тұрған ресейлік Вероника Кудерметованы 2:0 есебімен ұтқан еді. Айта кететін жайт, Елена Рыбакина 17 маусымда 25 жасқа толды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам