Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Қазақстандық 5 теннисші Уимблдон іріктеу кезеңінің финалына шықты

26.06.2024, 21:06

Лондонда теннистен «Уимблдон» турнирі өтіп жатыр

Қазақстандық 5 теннисші Уимблдон іріктеу кезеңінің финалына шықты
ktf.kz

Қазақстандық теннисшілер Бейбіт Жұқаев, Денис Евсеев, Михаил Кукушкин, Тимофей Скатов және Зарина Дияс Уимблдон турнирі іріктеу кезеңінің финалына шықты.

Зарина Дияс  WTA рейтингінде 138-ші орында тұрған америкалық Сачия Викериді жеңді.

Денис Евсеев Франция өкілі Титуан Дрогені (133 ATP) 6:4, 7:6 (7:3) есебімен жеңді.

Михаил Кукушкин француз Бенджамин Бонзиден (ATP 152) 6:4, 7:5 есебімен басым түсті.

Ал Тимофей Скатов іріктеудің финалына шығу үшін өткен матчта словакиялық Лукаш Клейннен (129 ATP) 7:6 (10:8), 7:6 (7:5) есебімен айласын асырды.

Бейбіт Жұқаев тартысқа толы ойында сербиялық Хамад Меджедовичті 6:7(3), 7:5, 6:4 есебімен жеңді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам