30 жастағы Дияс әлемдік рейтингте 967-орында тұр
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Лондонда өтіп жатқан Ұлыбританияның ашық біріншілігінің (Уимблдон) іріктеуінде екінші матчын өткізді.
Қазақстандық спортшы америкалық теннисші Сачия Викеримен кездесіп, үш сет қорытындысы бойынша жеңіске жетті – 3:6, 7:5, 7:5. Ойын 2 сағат 17 минутқа созылды. Осылайша, жарақатына байланысты ұзақ үзілістен соң Зарина өз бабына ене бастағанын аңғартты.
Айта кетейік, 30 жастағы Дияс жекелей сында Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) әлемдік рейтингінде 967-орында тұр. Ал оның қарсыласы Викери 138-сатыда тұрған.