Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Юлия Путинцева Олимпиада чемпионын ойсырата жеңді

04.07.2024, 17:00

Оның келесі қарсыласы әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентек болуы мүмкін

Юлия Путинцева Олимпиада чемпионын ойсырата жеңді
WTA

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева (#35) Уимблдон турнирінің үшінші айналымына шықты. Екінші айналымда жерлесіміз чех Катерина Синякованы (#36) 6:0, 4:6, 6:2 есебімен жеңді.

Қарсыластар кортта 1 сағат 40 минут уақыт өткізді. Путинцева үш сетте бір эйс жасап, мүлдем дабл-фолға жол берген жоқ. Синякова болса бір эйспен қатар үш дабл-фол жасады.

Айта кетейік, чех Катерина Синякова 2020 жылғы Токио Олимпиадасында жұптық сында чемпион атанған. Сонымен қатар, 2021 жылы WTA турнирінде де жұптық сында өнер көрсетңп, жеңімпаз болды.

Келесі айналымда Путинцева әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекпен (Польша) кортқа шығуы мүмкін. Поляк қызы екінші айналымда хорватиялық Петра Мартичпен өзара мықтыны анықтайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам