Ол америкалық теннисшіге қауқар таныта алмады
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик (#23) Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шыға алмады.
Үшінші айналымда қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 13-орында тұрған америкалық Томми Полмен кездескен болатын. 1 сағат 26 минутқа созылған кездесу 3:0 (6:3, 6:4, 6:2) есебімен аяқталды.
Матч барысында Бублик 15 эйс және екі дабл-фол жасады. Ал, америкалық теннисші еншісіне 8 эйс пен 3 дабл-фол жазды.
1/8 финалда Томми Пол Баутиста Агут (Испания) – Фабио Фоньини (Италия) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Ал, Бублик болса бұл жолы да жүлдеден тыс қалып, үйге құр қол қайтады.