Холландты көру үшін емес, Қазақстанды қолдау үшін стадионға келейік – үндеу

Зарина Диас Варшавадағы турнирде керемет камбэк жасады

24.07.2024, 10:32

Қазір ол әлемдік рейтингте 649-орында тұр

Зарина Диас Варшавадағы турнирде керемет камбэк жасады
instagram.com/zarinadiyas/

Варшавада өтіп жатқан Челленджер сериясындағы турнирдің алғашқы айналымында қазақстандық теннисші Зарина Дияс жеңіске жетті.

Ол кортта польшалық теннисші Мартина Кубкамен кездесіп, үш сеттің нәтижесі бойынша 3:6, 7:6, 7:6 есебімен жеңіске жетті. Ойын 2 сағат 59 минутқа созылды.

Қазір ұзақ үзілістен кейін тенниске оралған қазақстандық спортшы WTA рейтингі бойынша 649-орында, ал оның 23 жастағы қарсыласы 305-орында тұр.

Айта кетейік, осыған дейін Зарина «Уимблдон» турнирінің іріктеу кезеңінде өнер көрсетіп, негізгі айналымға өте алмаған еді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам