Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Рыбакинадан кейін Путинцева Олимпиадада Қазақстан намысын қорғаудан бас тартты

27.07.2024, 17:22

Жағдайға байланысты Қазақстан теннис федерациясы пікір білдірді

Рыбакинадан кейін Путинцева Олимпиадада Қазақстан намысын қорғаудан бас тартты
ҰОК

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 30-орын) 2024 жылы Парижде (Франция) өтетін Олимпиадада жекелей сында турнирден бас тартты.

Қазақстанның екінші ракеткасы бірінші айналымда украиналық Марта Костюкпен (19-орын) кездесуі керек еді, бірақ жарысқа қатысудан бас тартты. Қазақстан теннис федерациясы жарақат алды деп түсіндірген.

«Париждегі Олимпиаданың басталуы біз үшін нағыз сынақ болды. Күні кеше Елена Рыбакина сырқатына байланысты жарыстан шығып қалса, бүгін біздің команда жарақатына байланысты Юлия Путинцевадан айырылды. Біз екі спортшының да өнеріне үлкен үміт арттық және болған оқиғаға қатты өкінеміз. Елена да, Юлия да Олимпиадада ойнай алмағандарына қынжылады. Біз жанкүйерлерге өтініш білдіріп, осындай қиын кезеңде барлық ойыншыларымызға қолдау көрсетулерін сұраймыз. Қиындықтарға қарамастан, еліміздің туы астында алға ұмтылып, жаңа жеңістерге ұмтылатын боламыз», – деді Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев.

Айта кетейік, Қазақстанға Ресейге келген теннисшілер бірінен соң бірі Олимпиадаға қатысудан бас тартып жатыр. Бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина да Парижге келмей қалған еді. Ол бронхит ауырған. Бірақ желідегілер мұны «сылтау» деп қабылдайды.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам