“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Теннисші Александр Бублик Олимпиаданы ерте аяқтады

27.07.2024, 23:47

Бұған дейін екі теннисшіміз Олимпиадаға қатысудан мүлдем бас тартқан еді

Теннисші Александр Бублик Олимпиаданы ерте аяқтады
olympic.kz

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Париж Олимпиадасын бірінші айналымда-ақ аяқтады. Жерлесіміз америкалық Тэйлор Фритцпен кездесіп, екі сетте де жеңілді.

Матч небәрі бір сағатқа созылды. Америкалық теннисші екі сетте де брейк жасап, 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. 

Осылайша, Александр Бублик үшін жекелей сындағы Олимпиада ойындары аяқталды. Енді қазақстандық теннисші Александр Недовесовпен жұптық сында бақ сынайды. Олар бірінші айналымда бразилиялық Тиаго Монтейро/Тиаго Уайлд жұбымен кездеседі.

Айта кету керек, Париж Олимпиадасы қазақстандық теннисшілер үшін сәтсіз басталды. Жарысқа бір күн қалғанда еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина денсаулығына байланысты Олимпиадаға қатыспайтынын айтса, бүгін Юлия Путинцева да кортқа шықпайтынын мәлімдеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам