Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Қатаң тыйым салды». Елена Рыбакина жағдайдың қаншалықты қиын болғанын түсіндірді

31.07.2024, 12:31

Жанкүйерлерінің үмітін ақтамағаны үшін кешірім сұрады

«Қатаң тыйым салды». Елена Рыбакина жағдайдың қаншалықты қиын болғанын түсіндірді
ҚТФ

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина денсаулығына байланысты Париж олимпиадасына қатысудан бас тартқан еді. Теннисшінің өкпесі қабынып, бронхит диагнозы қойылғаны белгілі. Алайда әлеуметтік желіде Рыбакинаның олимпиададан қалыс қалғаны үшін қазақстандықтар ренішін білдірген.

Елена Рыбакина Қазақстан халқына және жанкүйерлеріне үндеу жасап, жағдайдың қаншалықты қиын болғанын жеткізуге тырысты.

“Құрметті жанкүйерлер, Отандастарым! Сіздерге Париждегі Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсете алмағаныма өзімнің қаншалықты ренжігенімді және өкінетінімді айтып хабарлаймын. Мен командамен бірге белсенді дайындалдып, өкінішке қарай, дәл жарыс басталар алдында сырқаттанып қалдым. Дене қызуым қатты көтеріліп, тыныс алуым да қиын болды, дәрігерлер маған кортқа шығуға қатаң тыйым салды”, – деді Елена Рыбакина.

Спортшы қыз үмітті ақтамағаны үшін көпшіліктен кешірім сұрады.

“Барлық қазақстандық жанкүйерлерден ақталмаған үміттеріңіз үшін кешірім сұрағым келеді. Бұл жағдай жүрегіме өте қатты тиді, өйткені мен өз командаммен осы Олимпиада ойындарында жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін көп дайындалдым және медаль жеңгім келді. Токиода өткен Олимпиадада мен медаль алуға өте жақын болдым және медаль алу менің үлкен мақсатым болып қала берді. Мен жақын арада кортқа шыға аламын деп үміттенемін. Барлық отандастарыма алғысымды жеткізгім келеді, өйткені әлемнің қай түкпірінде ойнасам да сіздер маған әрқашан айтарлықтай қолдау көрсетесіздер. Стадиондарда көк байрағымызды көріп әрқашан қуанамын. Көп рахмет және кортқа жақын арада ораламын деп үміттенемін”, – деді Елена Рыбакина.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам