Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Елена Рыбакина Канададағы турнирге қатыса ма?

31.07.2024, 12:51

Аталған турнир тамыз айының басында өтеді

Елена Рыбакина Канададағы турнирге қатыса ма?
instagram.com/lenarybakina/

Олимпиадаға қатысудан бас тартқан қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әліге дейін емделіп жатыр. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев мәлімдеді.

Париж Олимпиадасына небәрі бір күн қалғанда жарысқа қатыспайтынын мәлімдеген Рыбакина отандық жанкүйерлер тарапынан сынның астында қалған болатын. Өзінің айтуынша, ол Уимблдон турнирінен кейін өткір бронхит ауруымен ауырған және әліге дейін жазыла алмай келеді екен.

«Оның денсаулығы қазір жақсы. Бірақ, әбден әлсіреп қалған. Бірнеше анализ тапсырды, Венаның Деблинг клиникасында толықтай тексеруден өтті. Қазіргі таңда Елена дәрігерлерден емделу хаттамасын алып, Братиславада ем қабылдап жатыр. Осы қалада оның жаттығу базасы орналасқан», - деді Досқараев Tengri Sport тілшісіне берген сұхбатында.

Бұған дейін Рыбакинаның Торонто қаласында өтетін турнирге қатысатыны туралы айтылған болатын. Дегенмен, тамыздың басында болатын жарысқа қазақстандық теннисші бара алмайды екен.

«Өкінішке қарай, Елена Торонтода да ойнай алмайды, өйткені ол толықтай қалпына келмеді. Кортқа шығуға дайын емес. Қазіргі таңда оның командасы жарыстан ресми бас тарту үшін медициналық құжаттарын әзірлеп жатыр, WTA талабы сондай», - деді Досқараев.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында өнер көрсетуден екінші теннисші Юлия Путинцева да бас тартқан еді. Ол тізе жарақатына шағымданып, кортқа шықпайтынын мәлімдеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам